15 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №293

383 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 29 наурыз, Астана қаласы Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 293 бұйрығымен бекітілген Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аффинаждау – бағалы металдарды қоспалардан және ілеспе құрауыштардан тазалау, бағалы металдарды ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келетін сапаға дейін жеткізу процесі; 2) бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий); 3) бағалы металдарды өндіру субъектілері – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары; 4) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері; 5) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 2. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібі 3. Тізбеге бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуді және (немесе) аффинаждауды жүзеге асыратын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіне деректерді енгізу туралы хабарламаны (бұдан әрі - Хабарлама) берген бағалы металдарды өндіру субъектілері жатады. 4. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және уәкілетті органмен бекітіледі. Тізбеге деректерді енгізуді хабарлама негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады. 5. Уәкілетті орган хабарлама түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мынадай: 1) бағалы металдарды өндіру субъектісін Тізбеге енгізу туралы; 2) бағалы металдарды өндіру субъектісін Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығара отырып, оны қарастырады. 6. Бағалы металдарды өндіру субъектісін Тізбеге енгізуден бас тартуға бағалы металдарды өндіру субъектісі ұсынған хабарламаның осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеуі негіз болып табылады. 7. Тізбеге енгізу туралы шешім уәкілетті органның бұйрығы нысанында қабылданады, ол уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады. 8. Тізбеге енгізілген деректер өзгерген жағдайда, бағалы металдарды өндіру субъектісі уәкілетті органға ерікті нысанда хабарлайды, оның негізінде уәкілетті орган хабарламаны алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде Тізбеге тиісті өзгерістерді енгізеді. 9. Бағалы металдарды өндіру субъектісі бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау бойынша қызметін тоқтатқан жағдайда, уәкілетті орган осы бағалы металдарды өндіру субъектісін, оның ерікті нысанда ұсынылған хабарламасы негізінде, осы хабарламаны алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде Тізбеден шығарады. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша Нысан _____________________ (мемлекеттік органның _____________________ толық атауы) Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіне деректерді енгізу туралы хабарлама 1. Осымен______________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________негізінде әрекет ететін _____________________________тұлғасында _______________________________________________________________________________ (құрамында бағалы металы бар шикізат тауарының түрін көрсете _______________________________________________________________________________ отырып, технологиялық операциялар түрлерінің атауын көрсетіледі ) бойынша қызметті жүзеге асыратындығы туралы хабарлайды. 2. Заңды тұлғаның орналасқан орны ________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді-мекені, көше атауы, үй/ғимарат/ құрылыс нөмірі) 3. Электрондық поштасы ___________________________________________________________ 4. Телефоны ___________________________________________________________ 5. Факс _____________________________________________________________ Осы хабарламаны бере отырып өтініш беруші мыналарды растайды: барлық көрсетілген деректер дұрыс болып табылады және оларға қызметті жүзеге асыру мәселелер бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады; заңды тұлғаға мәлімделген қызмет түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбайды; заңды тұлға қызметін жүзеге асыру үшін міндетті болып табылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. 7. Өтініш беруші ________ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты - бар болған жағдайда) Берілген күні: 20 __ жылғы «____» ___________ Мөр орны (бар болған жағдайда) Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша Нысан Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі № Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің атауы БСН Орналасу орны Байланыс телефоны Электрондық поштасы, факс Технологиялық операциялар-дың түрлері Құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының түрлері Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13649 болып енгізілді.